Ағзалардың (ағза бөлігінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
қайтыс болғаннан кейінгі
донорлығына адамның тірі
кезінде ерік білдіруін беру және
бұл жөнінде жұбайын (зайыбын)
немесе жақын туыстарының
бірін хабардар ету қағидаларға
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы. |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар; 2) "электрондық үкімет" веб – порталы |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; 2) портал арқылы-құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды; Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 1 (бір) жұмыс күні. |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама; Осы мемлекеттік қызметке 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімді тіркеу туралы анықтама. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00 – ден 20.00 – ге дейін, сенбі күні сағат 9.00 – ден 14.00 – ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: 1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; 2) осы Қағидаларға 1, 2 – қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш. Порталға: 1) электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. |
9 |
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызмет стандартының 8 – тармағымен қарастырылған тізімге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауы; 3) нақты МСАК медициналық ұйымына бекітілмеуі. |
10 |
Оның ішінде, электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |