ШЖҚ" №3 қалалық емхана " МКК
030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 12 шағын аудан 51 "Д".

«Қолжетімді емхана»

Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 58 бабына сәйкес емханада Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі құрылды.

Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, егерде Сіз:

  • Тегін медициналық көмек көрсету көлемінде қызмет көрсеткені үшін ақша сұрау фактісіне тап болсаңыз;
  • Қызмет көрсету тәртібі мен сапасына байланысты және де өзге проблемаларға тап болсаңыз, Сіз пациентке қолдау көрсету (ішкі бақылау қызметі) қызметіне хабарласа аласыз.

Поликлиниканың ересек және балалар бөлімінде бірінші қабатында орналасқан «Азаматтардың өтініштеріне арналған» жәшігіне Сіз өзіңіздің байланыстарыңыз көрсетілген (Тегі, аты – жөні,телефон, мекен – жайы) жазбаша шағым-ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз,

сонымен қатар, емхананың

  • http://pol3-aktobe.kz/сайтына немесе
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.электрондық поштасына,
  • әлеуметтік желі инстаграм @policlinika3_aktobe
  • фейсбукГородская поликлиника №3 жазуыңызға болады.
  • және де Сіз ауызша сенім телефондарғақонырау шала аласыз: 8-7132-74-32-05, 8-708-4-71-32-54.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің  шағым-ұсыныстарыңызды қысқа мерзімде талқылап, Сізге талқыланған қорытынды бойынша  мәлімет береді.

Сізге көмектеседі:

Тржанова Асия Досбергеновна  — Пациенттерді қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметінің басшысы, балалық бөлімі, 1 қабат

Магзумова Галия Сактагановна — эксперт дәрігері, балалық бөлімі, 1 қабат.

Тугелова Акмарал Нурхановна — эксперт дәрігері, ересектер бөлімі, 1 қабат, 110 кабинет.

Сіздердің тілектеріңіз бен өтініштеріңіз медициналық көмекті жақсартуға ықпал етеді.

Қолдану
Бас тарту